10
ақпан
2026
«Балалар кітапханасы» республикалық жобасы аясында «Сыныбымызбен кітап оқимыз» акциясы
«Балалар кітапханасы» республикалық жобасы аясында «Сыныбымызбен кітап оқимыз» акциясы бойынша 5 "Б" сынып оқушылары жетекшісі Шакарова Арайлым Сержановна және мектеп кітапханашыларының жетекшілігімен Семей қаласындағы Ф.М. Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық мұражайына танымдық экскурсия жасады.
Биыл Ф.М. Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық музейдің ашылғанына 55 жыл толып отыр. Мұражай құрылған күннен бастап ұлы жазушының өмірі мен шығармашылығын, оның Семей қаласымен тығыз байланысты тағдыр жолын кеңінен насихаттап келеді.
Экскурсия барысында оқушылар ұлы жазушының өмірі мен шығармашылығымен, оның Семей қаласындағы кезеңімен, сондай-ақ мұражай қорында сақталған құнды тарихи-әдеби жәдігерлермен танысты..
Аталған іс-шара оқушылардың рухани-мәдени дүниетанымын кеңейтіп, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.
Мұражайға саяхат – жас ұрпақтың тарихи жадысын қалыптастырып, мәдени мұраны қадірлеуге тәрбиелеудің маңызды тетігі.