Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясының «Shakarim Team» командасы Орталық Азиядағы ең ірі Web3 хакатонына қатысты. » "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясының «Shakarim Team» командасы Орталық Азиядағы ең ірі Web3 хакатонына қатысты.
30
мамыр
2023

Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясының «Shakarim Team» командасы Орталық Азиядағы ең ірі Web3 хакатонына қатысты.

 Команда капитаны информатика пәнінің мұғалімі Мұратова Альмира Жұмабекқызы және команда мүшелері 10-сынып оқушылары Муратханова Нурдана, Әшіл Жанерке, Қадылбекова Асем.
Binance, BNB Chain және Astana Hub серіктестерімен бірлесіп, Blockchain Center мультилокациялық 72 сағаттық хакатоны командалардың потенциалдарын көрсетуге мүмкіндік берді. 

Decentrathon 26-28 мамыр аралығында Қазақстанның 9 өңірінің 15 жерінде өткізілді. Командалар арнайы берілген тапсырмаларға шешім дайындады, белгілі бір концепциялы идеяны талқылап, код жазу, тестілеу және гитхаб ұсыну,  идеяны қорғауға видематериал мен презентайия дайындады. Хакатонның интенсивті өтуімен қатар, ұйымдастырушылар қатысушылардың көңіл-күйін көтеріп, қолдау көрсету үшін түрлі ойындар мен ойын-сауықтар өткізді. Сондай-ақ, шағын сайыстар мен викториналар жүргізіп, қатысушылардың түрлі саладағы білімдері мен дағдыларын сынады. Дәл сондай конкурсқа қатысу арқылы команда шағын сыйлыққа ие болды. 

Бұл іс-шаралар командалық рухты нығайтуға және қатысушылар арасында идеялар мен тәжірибе алмасуға қосымша мүмкіндіктер жасауға көмектеседі. Мектеп командасын үшін  үлкен тәжірибе алаңы болған хакатон ұйымдастырушыларына алғыс білдіреміз.