12
қазан
2024
2024 жылдың 11-12 қазан күндері Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясы өзінің ғасырлық тойын атап өтті
2024 жылдың 11-12 қазан күндері Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясы өзінің ғасырлық тойын атап өтті. Шараға облыс, қала әкімінің орынбасарлары, білім бөлімінің қызметкерлері, ардагер ұстаздар, мектеп түлектері қатысты.
▪️Екінші күн Абай атындағы Семей мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрында жалғасын тапты.
▪️Мерекелік кешті Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары, мектеп түлегі Шалқар Заманбекұлы құттықтау сөзімен ашты. Ш.Заманбекұлы Абай облысы әкімінің атынан 10 млн теңгенің сертификатын табыс етті.
▪️Келесі құттықтау сөзді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Н.С.Сабильянов алды. Мектеп ұстаздарының елеулі еңбектерін айта келіп, ұжымды атаулы мерейтоймен құттықтады.
▪️Гимназияның 100 жылдық мерейтойына арнайы келген мектеп түлектері: «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Сара Тоқтамысова және Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Қазақстан теле-радио корпорациясының редакторы, ақын Нұржан Өмірбай жырдан шашу шашты.
▪️Гимназиямыздың алдыңғы қатардағы ұстаздары Абай Облысы әкімінің Алғыс хатымен, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің құрмет грамотасымен, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен, ҚР Парламентінің Алғыс хатымен, «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, Семей қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
▪️Кеш соңында гимназия директоры Н.К. Муканова ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы С.Н.Салихұлына, Облыстық мәслихаттың депутаты Қ.М.Серікжанұлына және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті О.Ш.Тоқтарұлына «Гимназияға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін табыстады.
▪️Бұл ауқымды іс-шара бір адамның, бір ұжымның ғана емес, Абай облысының әкімі Ұранхаев Нұрлан Телманұлының, қала әкімі Нұрсағатов Нұрбол Төлегенұлының қолдауымен өтті. Білімді басты қару етіп ұстаған азаматтарға алғысымыз шексіз!