04
қазан
2025
Срайлова Зайтуна Мұқажанқызы ұстаздарымызды төл мерекесімен құттықтап келді.
Ұстаздар мерекесінде гимназиямызға ардагер ұстазымыз Срайлова Зайтуна Мұқажанқызы ұстаздарымызды төл мерекесімен құттықтап келді. Срайлова Зайтуна Мұқажанқызы- ұстаздық ұлы жолда, ерен еңбегімен танылып, Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясында ұзақ жыл қызмет еткен. Зайтуна Мұқажанқызы- қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып , талай түлектің өміріне жол ашты.
Гимназияның дамуына өлшеусіз үлес қосып, талай шәкірттің жүрегіне білім мен тәрбие дәнін сепкен ардагер ұстаз. Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнап, әрі әріптестеріне ақылшы болған ұстаз. Ұзақ жылғы еңбегі еленіп, "Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкерлері" төсбелгісімен марапатталды.
Зайтуна Мұқажанқызын мерейлі ұстаздар мерекесімен құттықтаймыз. Деніңізге саулық, ұрпағыңызға бақыт пен береке, амандық тілейміз!
https://instagram.com/p/DPYzuFjDPR6/