20
қазан
2025
Ұлағатты ұстаз - ұлт мерейі!
Лиза Даулетияқызы 1972-73 жылдары Семейдегі №5 қазақ мектебінде еңбек жолын бастап, осы мектепте 30 жыл ұстаздық қызметте болып, зейнеткерлікке шыққан ұлағатты ұстаз. Мектепте жұмыс жасаған жылдарында “Қазақ тілі” қоғамының төрайымы ретінде тіл туралы түрлі шаралар өткізіп, дәстүрлі көркемөнерпаздар байқауында ән шырқап, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты. Отыз жылда қаншама дарынды шәкірттер тәрбиелеп, талай түлектерді қанаттандырып, алтын ұя мектебінен ұшырған ардақты ұстаз.
Ардагер ұстаздарын ұлықтаған, әр түлегін ұмытпаған білім ордасының басшысы Нұргүл Құлжағазықызының арнайы шақыртуымен мектебімізге бүгін Лиза Дәулетияқызы келіп, “Гимназияға сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісімен марапатталып, құрмет пен ілтипатқа бөленді.
Кез келген қоғамның кемелдігі, өркениеттілігі ұстазға деген қатынасымен өлшенеді. Ұстазын ұлықтаған елдің ұрпағы саналы, болашағы жарқын болары хақ. Себебі әр мұғалімнің еңбегі – ерен, еліміздің дамуына қосқан үлесі – орасан.