Семей қаласының жас ақындарымен кездесу » "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » Семей қаласының жас ақындарымен кездесу
31
қаңтар
2020

Семей қаласының жас ақындарымен кездесу

Семей қаласының жас ақындарымен кездесу

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...»

Өту барысы:

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі ұйымдастырылып отырған жас та болса, бас болатын жаңа буыр жас ақындармен кездесу кешімізге қош келдіңіздер. Кешті бастамас бұрын бүгінгі сыр- сұхбаттың бас қонағы туралы жұмбақ жасырып көрейін,

Дара туған мектебіміздің ақыны,

Айтыскер қыз ол халқының жақыны.

Жыр шумағын әуелете тербетіп,

Болған газет, журналдардың бар сәні.

-Өлең жолдары кім жайында?

  • Дұрыс айтасыңдар балалар, олай болса, ақын қызымыз Дильназ Байекенова өнердегі жора жолдастары, қаламыздың белгілі ақындарымен бүгін бізде қонақта. Қол соғып, қошеметпен қарсы алайық.

-Амандасу, қошемет білдіру.

1-жүргізуші:

Өзіңде арман, сырларым

Жүрекпен жазған жырларым!

Арқауы өлеңдерімнің

Қоңыр бел, қоңыр қырларым!

2-жүргізуші:

Илансаң досым- жараным,

Ел мен жер – менің бал әнім!

Осының бәрін айғақтар,

Өлеңім- өмірбаяным!- дейтін шайырларымызбен таныстырып өтейік

1-жүргізуші: «Нәркес» жыр жинағының авторы, Халықаралық, Республикалық жыр мүшәйралары мен айтыстарының жеңімпазы, Дулат Бабатайұлы атындағы ақындар мектебінің шәкірті, мектебіздің түлегі - Дильназ Байекенова

2-жүргізуші: «Сезімдерге сенемін» жыр жинағының авторы, Облыстық, Республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы, Дулат Бабатайұлы атындағы ақындар мектебінің шәкірті – Жақан Манат

1-жүргізуші: Облыстық, Республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы,  Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының грант иегері, Дулат Бабатайұлы атындағы ақындар мектебінің шәкірті - Сейсек Мейіргүл

2-жүргізуші: Облыстық, Республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы, М.О.Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжінің студенті, «Қаламгер» ақындар клубының мүшесі – Байқуат Қуатбайтегі

1-жүргізуші: Сырлы сұхбатты кешімізге қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Осынау киелі қара шаңырақ білім ордасында бір ақынның өсіп-өну, қалыптасу кезеңі көз алдымыздан өтті. 

Қайта келмес өзеннің толқынындай

Қайталанбас алау оттың жалынындай

Қайта тумас қазақтың дарасындай

Қазақта ақын қыз бар дәл осындай! 

1-жүргізуші: Мен жанамын әлі де жұлдыз болып

Көк аспанның төсіне күндіз қонвп

Бірақ та қалам осы жер бетінде

Қазақта қарапайым бір қыз болып – деп арман-мақсатына нық қадам басқан Дильназ ақын бүгінде өз ортасына сыйлы азаматша атанып отыр

2-жүргізуші: Сөз кезегін өзіңізге берсек.

1-жүргізуші: Думанды, дулы дүрмекті

Балалық шағым сенде өтті.

Ертісім ерке толқының,

Бесіктей мені тербетті.

2-жүргізуші: 

Халық- ердің аруағы,

Жанбас онсыз- ер бағы.

Болса халқым бақытты

Бақыттымын мен дағы. 

1-жүргізуші: Туған жер, Туған ел тақырыбында жыр жазбаған, ой толғамаған ақын саны кем де кем шығар. Олай болса, өздеріңізден сондай өлең шумақтарын естісек

1-жүргізуші:  Махабат– адам баласының жан дүниесіндегі ең ұлы сезім. Оны суреттеу де сөзбен жеткізу де мүмкін емес. Махаббаттың жолында "мен өлмеймін" дейтіндер құрбан болып, "мен сүймеймін" дейтіндер сүйіп кеткен. Өйткені ол табиғаттың заңдылығы. Ал табиғатқа қарсы жүру үлкен қатер. Махаббат жайлы әлемдегі ең керемет адамдар ең керемет сөздер қалдырған. Солардың ішіндегі ең ұлысы ақындар жыры

2-жүргізуші: Дұрыс айтасың. Ендеше жүрек қылын шертетін сезім тамшыларынан сусындасақ.

1-жүргізуші: Қонақтарға сұрақтарыңыз болса мархабат

1.     Адам баласының өміріндегі ең тәтті кезең- балалық шағы ғой.   Сол балалық дәуреніңіз қалай өтті?

2.     сіздің қалам ұстап, шабыт тұлпарына мінуіңізге не түрткі болды?

3.     бала кезіңізде кітапқұмар болдыңызба?

4.     Ең алғашқы жазған өлеңіңіз қандай?

5.     сыныбыңыз туралы айтып беріңізші, қандай оқушылар болды?

6.     мектепте оқып жүргеніңізде қандай үйірмелерге қатыстыңыз?

7.     Оқушы болғанда қандай болдыңыз?

8.     бала кезіңізде неге құмар болдыңыз? 

9.     Бос уақытыңызда немен айналысатын едіңіз?

10.шығармашыл адамның көбі көңіл- күйдің адамы дейді. Сіз қандай адамсыз?

11.Ақын ретінде сізді көбіне не шабыттандырады?

12. Балалық шағыңыздан есіңізде қалған бір естелігіңізді айтып беріңізші.

13.Ақынның бойында қандай қасиеттер болуы керек?

14.достықты қалай түсінесіз?

15.сіздің өміріңізде таңғажайып сәттер болды ма?

16.Білім алған оқу ошағыңыздан ерекше бейнесімен есіңізде қалған ұстаздарыңыз бар ма

17.Қазақтың ұлы жазушыларынан, ақындарынан кімді үлгі тұтасыз?

18. қазақ жазушыларының, ақындарының  ішінде кімдермен жүздесіп көрдіңіз? Қандай әсер алдыңыз?

19.Соңғы жазған өлеңіңіз қандай, не туралы?

20.Ақын болу үшін не істеу керек? Қандай кітаптар оқу керек?

2-жүргізуші: «Ақынын құрметтеген ел озады, ақынын сыйламаған ел тозады» дейді. Ақындарымызға қандай құрмет көрсетсек те артықшылық етпейді. бізді сусындатар мәңгі сарқылмас жырларыңыздың алдында құрметпен бас иеміз!



1-жүргізуші: Бар мұрадан - қасиетті мұрам ең,

Данасың ғой, болар, әр кез дана кең.

Менің мөлдір, сұлу Ана тілімнің

Шырақшысы- сен аман бол, Қара өлең!

2-жүргізуші:

Өнерді ұлықтасын мәрт Алашым

Ақындар елдің жүгін арқаласын

Қарт Семейдің қойнауы жырға тұнып

Қара өлеңнің базары тарқамасын

-Қорытындылау. Оқушыларға жылы лебізіңізді білдірсеңіз..