«Мен табиғат әлемін кітаппен ашамын» атты отбасылық сайысы » "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » «Мен табиғат әлемін кітаппен ашамын» атты отбасылық сайысы
22
желтоқсан
2020

«Мен табиғат әлемін кітаппен ашамын» атты отбасылық сайысы

«Мен табиғат әлемін кітаппен ашамын» атты отбасылық сайыс 7 сынып оқушыларының  арасында өткізілді. «Біздің отбасымыз қандай құспен байланысты?» тақырыбына бейнекөрініс түсіріліп мектептің әлеуметтік желісінде жарияланды.


Мен табиғат әлемін кітаппен ашамын

(отбасылық сайыс)

Табиғат – тіршіліктің көзі ғана емес, өмірдің өзі. Экология термині бүгінде соғыс, апат секілді сөздермен қатар айтылатын, құлақ түрер, ой салар ұғымға айналы. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселеге ерекше көңіл бөліп, түрлі келеңсіз жайыттарға жаны ауырып, халықты табиғат ананы аялауға шақырып келеді. 

             Сайыс отбасының оң имиджін қалыптастыруға, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді дамытуға және насихаттауға, балалар мен ересектерге отбасылық оқудың қажеттілігін дамытуға бағытталған.

1. Жалпы ережелер

«Мен табиғат әлемін кітаппен ашамын» атты отбасылық сайыс мектеп оқушыларының  кітаптарды насихаттауға, оқуға және экологиялық мәдениетін көтеру мақсатында өткізіледі. Байқауға бір сыныпта оқитын оқушылар өз отбасымен қатысады. Әр отбасы «Біздің отбасымыз қандай құспен байланысты?» тақырыбына визит карточкасын дайындайды және сол құс туралы жұмбақ, әңгіме, сурет, музыкалық нөмір дайындайдап қысқаша бейнекөрініс түсіреді. Таңдаған құстары туралы ақпаратты қандай кітаптардан немесе әлеуметтік желіден алғандары көрсетілуі тиіс.

2. Сайыстың мақсаты:

  • Кітап оқу мәдениетіне баулу, кітап арқылы оқуға, әлемді тануға деген қызығушылықты арттыру; 
  • оқушыларды табиғатты сүюге, қоршаған ортаға қамқор болуға үйрету, жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру;
  • оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру;
  • экологиялық тақырыптарды көрсете отырып, әдебиеттерді белсенді оқуға және түсінуге ынталандыру; 
  • оқушылардың кітапханалық және ақпараттық мәдениетін арттыру.
3. Жеңімпазды марапаттау рәсімі:

Үздік жұмыстар мектептің әлеуметтік желілерінде жарияланады.