Тәрбие » Страница 8 » "Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің Шәкәрім атывндағы көпбейінді №5 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі""
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаттары өтті
15
желтоқсан
2025
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаттары өтті                                         🔹1 «А» сыныбында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларға Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Сабақ барысында оқушылар Қазақстан Республикасының рәміздері – Ту, Елтаңба, Әнұран туралы мәлімет алды. Мұғалім Тәуелсіздіктің еліміз үшін маңызы жайлы
Бекбосынова Арайлым Мұхаметқалиқызының "Ерке қыз " кітабы бойынша  сыр-сұқпат кездесу
14
желтоқсан
2025
Бекбосынова Арайлым Мұхаметқалиқызының "Ерке қыз " кітабы бойынша
«Балалар кітапханасы» республикалық жобасы аясында «Сыныбымызбен кітап оқимыз» акциясы бойынша   9 "В" сынып  оқушылары жетекшісі Нугманова Айдана Бақытбековна және мектеп кітапханашыларының қатысуымен  Бекбосынова Арайлым Мұхаметқалиқызы "Ерке қыз " кітабы бойынша  сыр-сұқпат кездесу өткізді. Мақсаты:  Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем шығарманы терең түсініп, авторлық ойды зерделей білуге үйрету, жазушы Арайлым Мұхаметқалиқызының «Ерке қыз» шығармасы арқылы балалық
Біртұтас ел- біртұтас жер
12
желтоқсан
2025
Біртұтас ел- біртұтас жер
Бір тұтас ел – бір тұтас жер. Бүгінгі өткен «Ерлік сабағы» жас буынның бойына патриотизм рухын сіңіріп, Отанға деген құрмет пен жауапкершілікті арттырған ерекше кездесу болды. Шара барысында еліміздің қорғаныс қабілеті, әскери қызметтің маңызы, нағыз азаматтың парызы жайлы құнды мәліметтер берілді. Оқушыларға Отан алдындағы борышты адал өтеудің мәні түсіндіріліп, әскери өмірдің тәртібі мен талаптары таныстырылды. 99280 әскери бөлімінің тәрбие бөлімі психологы С.Т. Райхановна, Тәрбие және
«Еңбек. Кәсіп. Махаббат» атты видеороликтер байқауының жеңімпаздары
12
желтоқсан
2025
«Еңбек. Кәсіп. Махаббат» атты видеороликтер байқауының жеңімпаздары
“Бірлік пен елдік-жас ұрпақ қолында” атты форум аясында қараша айында өткізілген 7-10 сынып оқушылары арасында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының оқушыларға кәсіби бағдар беру бағыты бойынша «Еңбек. Кәсіп. Махаббат» атты видеороликтер байқауының жеңімпаздары марапатталды. Бұл байқаудың мақсаты — жас ұрпақтың бойында еңбекқорлық пен құрмет сезімін қалыптастыру, ата-анасының кәсібіне деген мақтаныш сезімін ояту. Байқаудың нәтижесі бойынша екі жеңімпаз анықталды.    7 б сынып оқушысы
"Ақжаулық" әжелер клубының ашылу салтанаты
12
желтоқсан
2025
"Ақжаулық" әжелер клубының ашылу салтанаты
11.12.2025 жылы "Даналық мектебі" аясында гимназиямызда "Ақжаулық" әжелер клубының ашылу салтанаты және  "Әже-отбасының алтын діңгегі" тақырыбында  дөңгелек үстел өтті.  Іс-шараның  мақсаты: оқушыларға қазақ отбасындағы әженің орны мен рөлін түсіндіру, үлкенді құрметтеу, ізгілік, мейірімділік қасиеттерін дамыту және отбасылық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу. "Ақжаулық" әжелер клубының ашылу салтанатына Семей қалалық Ардагерлер кеңесі бойынша  Әжелер алқасының төрайымы Әбітаева Мағрипа
«Тәуелсіздік – мәңгілік мұратым» атты поэзия кеші өтті
12
желтоқсан
2025
«Тәуелсіздік – мәңгілік мұратым» атты поэзия кеші өтті
«Тәуелсіздік – мәңгілік мұратым» атты поэзия кеші Шәкәрім атындағы мектеп-гимназияда жоғары деңгейде өтті. Шарада Алаш қайраткерлерінің мұрасы жырмен өріліп, ашаршылық, репрессия, Желтоқсан оқиғасы көріністер арқылы терең жеткізілді. Оқушылар «РУХ» әнін тебіреніспен орындап, тәуелсіздік құндылығын жүректеріне жақын қабылдады. Кештің құрметті қонақтары — 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің қатысушылары Айжан Мұқышева, Айгүл Ахметқалиева, Бақыт Орақбай және Эльмира Жүрсінбекқызы әсерлі
«Тәуелсіздік – мәңгілік мұратым» атты поэзия кеші өтті
12
желтоқсан
2025
«Тәуелсіздік – мәңгілік мұратым» атты поэзия кеші өтті
«Тәуелсіздік – мәңгілік мұратым» атты поэзия кеші өтті Бүгін Шәкәрім атындағы мектеп-гиназияда Тәуелсіздік мерекесіне арналған мазмұны терең, рухани мәні зор поэзия кеші өтті. Шара барысында елдік пен еркіндіктің символына айналған ұлы тұлғалар Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы, Мағжан Жұмабаев пен Жүсіпбек Аймауытовтың бейнелері жаңғырып, олардың мұрасы жырмен өрілді. Гимназияның жас ұстаздары халқымыздың тарихындағы күрделі кезеңдер ашаршылық, репрессия, Желтоқсан
“Тәуелсіздік мәңгілік - мұратым” атты поэзия кеші
12
желтоқсан
2025
“Тәуелсіздік мәңгілік - мұратым” атты поэзия кеші
Бүгін гимназиямызда 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара өтті. Іс-шара барысында гимназия мұғалімдерінен құралған жастар тарихи маңызы жоғары Желтоқсан оқиғасына негізделген шығармашылық қойылым көрсетті. Қойылымда 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің рухы, сол кезеңдегі жастардың ерік-жігері мен елдік мүдде жолындағы батылдығы көрініс тауып, көрермендерге терең әсер қалдырды. Бұл шара оқушылардың отансүйгіштік қасиеттерін арттырып, тәуелсіздіктің қадір-қасиетін терең түсінуге ықпал
Кітап оқу челленджі
11
желтоқсан
2025
Кітап оқу челленджі
Гимназиямызда «Адал Азамат» бағдарламасы аясында бастауыш сынып оқушылары арасында кітап оқу челленджі ұйымдастырылды. Челлендждің мақсаты – оқушыларды кітап оқуға қызықтыру, адалдық, еңбексүйгіштік, жауапкершілік сияқты құндылықтарды дәріптеу болды. 2 Б сынып оқушылары іс-шараға белсенді қатысып, өздерінің сүйікті кітаптарын таныстырды. Олар оқыған шығармаларынан әсерлі ойларымен, қызықты пікірлерімен бөлісіп, кейіпкерлердің іс-әрекеті мен мінез-құлқын талқылады.Челлендж барысында оқушылар
«Бірлік пен елдік – жас ұрпақ қолында!»
11
желтоқсан
2025
«Бірлік пен елдік – жас ұрпақ қолында!»
«Бірлік пен елдік – жас ұрпақ қолында!» Бүгін гимназиямызда ұлттық рухты жаңғыртып, жас ұрпақтың жүрегіне патриоттық сезім ұялатқан тағылымы терең форум өтті. Форум барысында батыр қыздарымыз — Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанова, жерлесіміз Баян Байғожинаның ерлігі ұлықталып, өскелең ұрпаққа өнеге етілді. «Жеті дара» командасының батыр қыздар жолымен жасаған тағзым сапары мен деректі көрінісі көпшіліктің жүрегіне жетті. Шара аясында гимназия намысын қорғап, білім, өнер, спорт